Автоматты құрылғылар арқылы салынатын айыппұлдар заңды ма – ІІМ жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Автоматты режімде жұмыс жүргізетін техникалық жабдықтардыметрологиялық тексерістен өткізбеген жағдайда оның нәтижесі қабылданбайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитеттің хабарлауынша, автоматты құрылғылар, соның ішінде «КРИС-П» арқылы тіркелген айыппұлдар заңсыз болып саналады.

«АСФ құрылғыларын пайдалану тәртібі Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекспен реттелген. Мәселен, АСФ құрылғысы автокөлік құралы мен жол қауіпсіздігі ережелеріне қатысты әкімшілік құқықбұзушылықты фото немесе видеотүсірілім арқылы тіркесе, ӘҚБжК-ның 802-бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта жол бойында тұрған АСФ құрылғылары жылдамдықты арттыру, стоп-жолақты кесіп өту, жол қиылысындағы бағдаршаммен санаспай өтіп кету, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру секілді бұзушылықтарды тіркейді.

«Барлық АСФ құрылғылары бекітілген тәртіп бойынша метрологиялық тексерістен өтеді. Осылайша, ол құрылғыда метрологиялық тексерістен өткені жөнінде тиісті сертификат барын, мерзімі көрсетілгенін білуге болады. Уақытында метрологиялық тексерістен өтпеген АСФ құрылғылары жол қозғалысын бақылауға пайдаланылмайды», - делінген хабарламада.

Комитеттің түсіндіруінше, аталған талаптар, барлық АСФ құрылғыларына, соның ішінде «КРИС-П» құралына қатысты екенін ескертеді.

«Егер АСФ арқылы әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, айыппұл ұйғарым түрінде, АСФ түсінігімен бірге толтырылып, көлік құралының иесіне төлеуі керектігі жөнінде ескертіледі. Сондай-ақ, ӘҚБжК нормаларымен айыппұл төлеуге міндеттейтін ұйғарымға шағым түсірудің тәртібі пен уақыты бар. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұл төлеу керектігі жөніндегі ұйғарымға сот арқылы шағым түсіре алады», - деп хабарлайды ІІМ-нен.

Айта кетсек, бұған дейін «КРИС-П» мен «ПОТОК-М» мобильдік кешендерін пайдалану арқылы әкімшілік айыппұлы бар борышкерлер анықталатыны хабарланған болатын. Сондай-ақ, қарызы бар көлік иелерінің көлік құралы тәркіленіп, қарызды өтегенше айыппұл тұрағында болатыны жарияланған.

Соңғы жаңалықтар