Автокөлікті қайта тіркеуде кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірін сақтау процесі автоматтандырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде автокөлікті қайта тіркеу кезінде мемлекеттік нөмірді сақтау процесі автоматтандырылды. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздер төтенше жағдай кезінде 4,5 мыңнан астам азаматтың өз автокөлігін портал арқылы рәсімдегенін естіген боларсыздар. Бірақ, рәсімдей алмағандары да бар. Себебі, олар көлігін сатқаннан кейін, мемлекеттік нөмірді өз атында сақтап қалғылары келді. Әрине, бұл - азаматтардың өз қалауы. Кейбіріне цифрлардың комбинациясы ұнауы мүмкін. Осы мәселені цифрлық комиссарлар да көтерген еді. Тіпті, бір азаматтың 362 нөмірін өз атында қалдырғысы келетіні туралы маған хат жазғаны есімде. Ол тұрып жатқан аймақта бұл сан киелі саналады екен және оны тұмарындай көрсе керек», - деп жазды министр.

Асқар Жұмағалиев азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ҚР Ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріне жеткізгендігін атап өтеді.

«Олар «Ұлттық ақпараттық технологиялар« АҚ-мен бірлесіп, автокөлікті қайта тіркеу кезінде нөмірді сақтау процесін автоматтандырды. Бұрын бұл процесс мамандандырылған ХҚКО-да қағаз түрінде жүргізілетін, азаматтың нөмірді өз атында қалдыратыны туралы жазған өтінішін ХҚКО қызметкерлері ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолдап отырды. Кеше осы сервисті тестілеуге қатыстым. Бүгін іске қостық. Енді көлігіңізді портал арқылы есептен шығару кезінде «мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін сақтау« сөзінің жанына белгі қойсаңыз болды, мемлекеттік нөмір өзіңізде қалады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар