Автокөліктердің ең танымал түстері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы автомобильдер үшін ақ түс әлемдегі ең танымал түс болды. Екінші орынға қара түсті көліктер шықты. Бірінші бестікке сондай-ақ сұр, қоңыр және қызыл түстер кірді. Мұндай мәліметтерді өзінің зерттеуінде көлік шығарушыларға лак-бояу материалдарының ірі жеткізушісі PPG Industies компаниясы жариялады.

Сарапшылар ақ түсті көліктер ерекше танымал болып жүргенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындыларымен салыстырғанда, осындай көліктердің саны үш пайызға артты. Бұл ретте күміс түсті көлік құралдары автомобильшілерге көп ұнай қоймайтыны анықталды: өткен екі жыл бойынша оларды ұнату деңгейі жеті пайызға төмендеген.

PPG Industies мамандарының болжамынша, 2015 жылы табиғи бояу түрлері, мысалы, қоңыр және сарғылт түстер ерекше танымал болады. Металл түстес түстерге боялған көліктерге (қалайы, қола, алтын жалатылғандай түстер) де сұраныстың артуы күтілуде.

Соңғы аталған түстердің танымалдылығы осындай түстердің зергерлік бұйымдарда, жиһаз және өнеркәсіп дизайнында жиі кездесуімен түсіндіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы да көлікқұмарлар арасында ақ түс ең танымал түс болған. Оның үлесі барлық автомобильдердің 25 пайызын құрады. Екінші орынды (19 пайыздан) күміс түстес және қара түсті көліктер алса, сұр түсті көліктердің үлесі 12 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар