Автофургон мен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Үндістандағы Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мінген автофургон жүк көлігімен соқтығысып, кем дегенде сегіз адам мерт болып, тағы екеуі ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды The Times of India газеті.

Келеңсіз жағдай, Аурайя округі аумағында болған.

Басылым ақпаратына қарағанда, мерт болғандардың бесеуі - жергілікті мектептің мұғалімдері. Олар сабаққа бара жатқан.

Полиция апат орнынан ізін суытқан жүк көлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар