Автобустарға қатысты талаптар күшейтіледі - Жеңіс Қасымбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жағдайдан кейін тұрақсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустарға қатысты талаптар күшейтіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ондай қайғылы оқиғалардың бірнеше себебі бар. Бастысы - көлік құралының ескіруі. "Сосын адам факторы бар. Автобусты пайдалану ережелерін сақтамайды. Осы жағдайға байланысты біз ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, жаппай тексеру шараларына кірістік. Соның нәтижесінде барлық xалықаралық жолаушылар тасымалына қатысты ережелерді күшейтуді көздейміз. Мәселен, қазіргі кезде тұрақты тасымалға қатысты қатаң талаптар бар. Көлікті пайдалану уақыты мен мерзімі, медициналық және теxникалық тексерістерден өту керек. Ақтөбеде жанып кеткен автобус болса, тұрақты тасымалмен айналысқан жоқ. Сондықтан бүгінде фирманың басшылығына да, көлік жүргізушілеріне де қойылатын сұрақтар көп. Дегенмен, тексерістің нәтижесі бойынша біз дәл осы тұрақсыз тасымалға қатысты талаптарды күшейтуіміз керек", - деді Ж.Қасымбек Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.
null 

Оның айтуынша, тұрақсыз жолаушылар тасымалы саласындағы қайғылы оқиғалар көрші Ресей жерінде де болған. "Соңғы жылдары ондай трагедиялар бізде ғана емес, Ресей жерінде де болды. Бес-алты жыл бұрын қырғыз мигранттары мінген автобуста да сондай жағдай болды", - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар