Автобустардың экологиялық таза болуын талап етеміз - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп жатыр. Онда 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Автобустарды жыл сайын сатып алатын боламыз. Бізге бір мыңнан астам қоғамдық көлік қажет. Қазір бір партиясын сатып алдық, жеке парктер жаңартылып жатыр. Бюджеттен субсидияға қомақты қаржы бөлудеміз. Осыған сүйене отырып, автобус парктерінен автобустардың экологиялық таза болуын қамтамасыз етуді талап етеміз. Бұл дегеніміз қоғамдық көліктер газбен немесе электр негізінде жұмыс істеуі керек», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихат отырысында.
Сонымен қатар, қала басшысы қолданыстағы троллейбус желілері жаңартылатынын айтты.
«Қолданыстағы барлық желілерді толық модернизациялаудан өткіземіз. Біздің басты мақсатымыз – электроавтобустарды іске қосу. Таяу уақытта барлық елдер біртіндеп электроавтобустарына ауысады», - деді ол.
- Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде бірқатар қазақстандық рингке шығады
- Коронавирус: Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында карантин жеңілдетілді
- Атыраулық оқушылар Telegram-да кітапхана ашты
- 1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады
-
Алматыда дәрі- дәрмектің екі айлық қоры бар
-
Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам