Автобустар тоқтады: Қарағанды облысының әкімдігі дизель тапшылығына түсінік берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі кеншілер шаһарындағы дизель отынының тапшылығына қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, дизель отынының тапшылығына байланысты жағдай шешілуде. Қоғамдық көлікті отынмен қамтамасыз ету басым тәртіппен жүзеге асырылуда.

«Сенбі күні Үкіметте осы мәселе бойынша селекторлық кеңес өткізілді. Өңірлерге жанар-жағармай белсенді жеткізілуде. Энергетика министрлігінің мәліметінше, жақын арада Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталады. Демалыс күндері автопарктерге қосымша дизель отыны келді. Қоғамдық көліктерді отынмен қол режимінде қамтамасыз ету жүріп жатыр», – деді облыс басшысы онлайн өткен аппарат кеңесінде.

Демалыс күндері Қарағандыда қалалық бағыттарда жүретін автобустардың үштен бір бөлігі жолға шықпады. Бұл жағдайға жанармай құю бекеттерінде дизель отынының болмауы себеп болды.


Соңғы жаңалықтар