Автобустар соқтығысуынан жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автобустар соқтығысынан жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабековтің айтуынша, жарақат алған 5 адам ауруханада жатыр.

«Автобустар соқтығысқаннан кейін барлығы 21 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды. Қалған адамдар тексеріліп, арнайы нұсқау беріліп, үйіне жіберілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан адам жоқ. Науқастардың жағдайы бірқалыпты. 3 адам - Жедел медициналық  жәрдем ауруханасында, 2 адам - орталық клиникалық ауруханада жатыр. 46 жастағы ер адамға ота жасалды. Ішке тиген соққының кесірінен ішкі қан тоқтамауы деген диагноз қойылған болатын. Лапораскопиялық диагностика нәтижесінде ұйыған қан көлемі аз екендігі анықталды», - деді ол.

Мамандардың айтуынша, 6 және 80 жас аралығындағы жолаушылар негізінен миы шайқалып, аяқ-қолдарының жұмсақ тіндерінің соққысымен түскен.

Сонымен қатар, жол апатынан 3 бала жарақат алған.

«6-12 жас аралығындағы 3 бала жарақат алды. Олардың барлығы амбулаториялық емдеуге үйіне жіберілді»,- деді Нұржан Исабеков.

Айта кету керек, жол апаты 22-шілде күні Абай даңғылының бойында «Қазақстан» қонақүйіне қарама қарсы тұста болған еді.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, автобустардың бірі қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Нәтижесінде бір-біріне бетпе-бет келе жатқан автобустар соқтығысқан.

 

Соңғы жаңалықтар