Автобустар апаты: Елорда полицейлері тергеу амалдарын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы ірі көлік апаты бойынша полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Қылмыстық кодексінің «Екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген жол жүру ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Осы орайда барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Атап айтқанда, техникалық, сот-медициналық тексерулер жүргізіледі. Полицейлер аталған көлік апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр», - делінген Полиция департаментінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордадағы жантүршігерлік көлік апатынан зардап шеккендер саны 27-ге жетті.

26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Соңғы жаңалықтар