+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Автобустан баланың құлап қалуы: CTS оқиғаға түсініктеме берді

2020 жылғы 28 ақпан 22:30
Бөлісіңіз:
Автобустан баланың құлап қалуы: CTS оқиғаға түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - City Transportation Systems (бұрынғы «Астана LRT») компаниясы әлеуметтік желідегі елорда тұрғынының шағымына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, Facebook-тегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазба қалдырған Алма Беркембаева есімді желі қолданушы қоғамдық автобустың уақытында келмеуі салдарынан жұмысына 1,5 сағат кешіккенін жазған болатын.

«24 және 24А бағдарындағы автобус 50 минут болмаған. Адамдар жұмысына кешігіп, автобустағы орын үшін төбелесіп қалған. Бұл енді масқара ғой. Дәл осы уақыт аралығында жартылай бос 104-ші жүрдек бағдар автобусының үшеуі өткен. Мұндайға қалай жол беруге болады? Бұл бірінші рет емес. Таңертеңгі және кешкі қауырт уақытта балаларды айтпағанның өзінде ересектер бірін-бірі таптап кете жаздайды», - деп жазды ол.

Оның сөзіне қарағанда, автобус жүргізушілері кей уақытта аялдамаға тоқтамай кетеді. Себебі көлік ішіне адам лық толуы салдарынан есігі де ашылмай қалады.

«Айтпақшы, әріптесім аялдамаға сағат 8-30-да келгенімен келесі автобусқа сағат 9-25-те ғана отыра алған», - деді әлеуметтік желі қолданушы.

Осы мәселеге қатысты City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Аталған уақытта бұл аялдамада автобус сағат 8-30-да және 9-04-те болған. Кестеге сәйкес, сағат 8-55-те тағы бір автобус болуы тиіс еді. Алайда, техникалық ақауға байланысты автобус желіге жіберілген жоқ. Соның салдарынан сағат 8-30-бен 9-04 аралығындағы автобусты күту ұзақтығы 34 минут болды. Аталған автобус ақауы жойылғаннан кейін түстен кейін ғана желіге шықты. Бұл ретте аталған бағдардағы автобус қозғалысының жоспарлы қозғалыс аралығы 10-20 минутты құрайды», - деді компаниядан.

Компания мәліметінше, бүгін 24, 24А бағдарында жолға шыққан автобустардың саны жоспардың 88 пайызын құраған.

«Қазіргі уақытта бұл бағдарда автобустарды толықтай желіге шығару мәселесі қарастырылып жатыр», деп атап өтеді компанияның баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT