+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Автобустағы мәселелерді білеміз – Алексей Цой қоғамдық көлікпен соңғы рет қашан жүргенін айтты

2021 жылғы 5 мамыр 19:33
Бөлісіңіз:
Автобустағы мәселелерді білеміз – Алексей Цой қоғамдық көлікпен соңғы рет қашан жүргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы рет қашан қоғамдық көлікке мінгені туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда автобус жүргізушілері жетіспейді Алматы әкімдігі тасымалдаушы компанияларға 4 млрд теңге қарыз

«Өткен жылы балаларыммен бірге автобуста жүрген едім. Ал қазір ондай мүмкіндік жоқ, өйткені тәулік бойы жұмыста жүрміз. Бірақ біз қоғамдық көлікте жолаушылар тығыздығы бойынша проблема бар екенін көріп отырмыз, кей жерде рейстердің жиілігі сәйкес келмейді. Бұл жұмысты әрбір әкімдікпен бірге жүргізіп жатырмыз және жергілікті жерлердегі нақты жағдайды да білеміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр Ashyq қосымшасына мейрамханалар неге бірінші кезекте қосылғанын түсіндірді.

«Мұнда біз бағдарламаның қызмет аясын кеңейтіп, қарастырып жатырмыз. Бірақ басты назар азаматтар маскасыз ұзақ уақыт отыратын ұйымдарға аударылады. Неліктен біз мейрамханаларды бірінші кезекте алдық? Себебі азаматтар үстел үстінде маскасын шешеді, ауру жұқтыру қаупі болады. (...) Автобустарда маска тағу режимі бар. Мұнда азаматтардың тұру ұзақтығы тамақтану орындарындай үлкен емес. Біз сондай-ақ басқа да нысандардың Ashyq-қа қосылу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT