+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Автобуста маска тағудан бас тартқан қызға 83 мың теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 28 шілде 21:03
Бөлісіңіз:
Автобуста маска тағудан бас тартқан қызға 83 мың теңге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобуста маскасыз отырғаны үшін ескерту алған қыз ашуға бой алдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдың соңына қарай Қытай 600 млн астам коронавирус вакцинасын өндірмек Өткен тәулікте 229 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 2 адам қайтыс болды Қазақстанда коронавирустан айыққан науқастар саны 102666-ға жетті

Полиция қоғамдық көліктердегі карантин шараларын бұзу деректерін бақылауға алды.

Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Маскасыз отырған үшін қызға автобус жолаушылары, жүргізушісі ескерту жасаған. Өзін бейнекамераға түсіре бастағанда қыз ашуланып былапыт сөз айтып, телефонды лақтырған.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жүргізді, оның барысында қыздың кім екендігі анықталды.

«Заңға сәйкес шара қолдану үшін ол полицияға жеткізілді. Бұл 22 жастағы Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оған бірден екі әкімшілік іс қозғалды. ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды (30 АЕК). Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы – ұсақ бұзақылық бойынша материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT