Автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген алматылық екі айға қамалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«10 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ «,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақтамақ болғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Алматы әкімі әлгі әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады.





Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар