Автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған алматылық қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады полициядан.

Бұған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, бүгін Алматы әкімі әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады.


Соңғы жаңалықтар