Автобуста аяғы сынған алматылық кейуананың жағдайы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері автобуста аяғы сынған зейнеткер әйелді отаға дайындап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, 60 жастағы зейнеткер ауруханаға сол жақ аяғының 2 жіліншігі, сол жақ асықты жілігі сынып кеткен.

«Қазір әйел ауруханада жатыр. Жағдайы бірқалыпты орташа. Аяғының ісігі қайтты. 7-10 күн аралығында жіліншік сүйектерінің остеосинтезі жасалады», - деді дәрігерлер.

Айта кету керек, оқыс оқиға 6 мамырда Алматыда болған. №405 автобус жүргізушісі кенеттен тежегішті басқанда көліктегі жолаушылар орындықта отырған 60 жастағы әйелдің үстіне құлаған. Үстінен ауыр салмақ басқан Айжан Карменованың аяғы сынып кеткен.

Автобус жүргізушісі ҚР Әкімшілік кодексінің екі бабы бойынша айыпқа тартылады. Бұл бап бойынша ол жүргізуші құқығынан айрылып, 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Зейнеткердің аяғын емдетуге жұмсалатын барлық шығынды Алматының автопаркі көтеріп алатын болды.

Соңғы жаңалықтар