Автобус жүргізетін әйелдер жұмысына бірде-бір шағым түспеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» басшысы Бекмырза Игенбердинов арулар тізгіндеген қоғамдық көліктерге мініп, жүргізушілерді 8 наурызбен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, «Астана LRT» компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов елордалық қоғамдық көліктерді жүргізетін әйелдерді құттықтады. Ұжымда асқан тәжірибелі 9 әйел-жүргізуші бар. Олардың мінсіз жұмысына бірде-бір шағым түспеген», - деп жазды ұйымның баспасөз қызметі Facebook парақшасында.

Бекмырза Игенбердинов те жүргізушілердің жұмысын мақтады.

«Олар автобусты өте мұқият жүргізеді, қырағы және ең бастысы - сыпайы. Осындай қиындығы мол қызметте оларға бақыт пен сәттілік тілеймін», - деді компания басшысы.

Соңғы жаңалықтар