«Автобус» профилактикалық шарасының 4 күнінде 200 заң бұзушылық анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының төрт күнінде 200 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте 4 қазаннан бастап патрульдік экипаждар мен полиция қызметкерлері жолаушылар көліктерін тексеріп жатыр.

Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында тәртіпті арттыру.

«Өкінішке орай, іс-шара күндері көрсеткіштер төмендемей тұр. Полиция қызметкерлері күн сайын әр түрлі дәрежедегі бұзушылықтарды анықтап жатыр. Бұл шара бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайын тексеруге бағытталған. Жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің фактілерін анықтау және заңсыз жолаушылар тасымалын тоқтату», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Оның айтуынша, төрт күн ішінде 200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«91 жүргізуші ҚР ӘҚбК-нің 595 бабы (маневр жасау ережелерін бұзу), 41-і көлік жүргізу кезінде телефон қолданған, ҚР ӘҚбК-нің 591 бабына сәйкес ережелерді бұзды. Рұқсат етілмеген 7 қоғамдық көлік пен такси аялдамасы жойылды.11 қоғамдық көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып тасталды»,-дейді ол.

Айта кетейік, іс-шара 2021 жылдың 13 қазанында аяқталады.


Соңғы жаңалықтар