Автобус пен жеңіл көлік соқтығысы: 7 жастағы балаға ота жасалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысы кезінде зардап шеккен балаға ота жасалады, депьхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында №12 бағыттағы автобус пен «Daewoo Nexia» автокөлігі соқтығысты. «Daewoo Nexia» автокөлігіндегі үш бала облыстық балалар ауруханасына тексеру үшін жеткізілді .

«7 жастағы бала бас-ми жарақатымен түсті. Жағдайы ауыр. Қазір ем қабылдап жатыр. Ота жасалмас бұрын оған трепанация әдісі қолданылды. Сонымен бірге 2011 жылы туған бала жабық бас-ми жарақатын алды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ал үшіншісі баланың ата-анасының айтуынша, ол лоқсыған, жүрегі айныған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.


Соңғы жаңалықтар