Автобус өрті: Бас прокуратура сотқа Өзбекстаннан тағы кімдердің қатысатынын нақтылайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасты. Әлі күнге дейін сот отырысына жәбірленушілердің қанша өкілі қатысатыны белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автобус өртіне қатысты сот отырысына бүгін жәбірленушінің екі өкілі қатысты. Хатамов пен Мадрахимов балалары мен бауырынан айырылған. Сотқа қатысқан соң Өзбекстанның Наманған ауданының 20 тұрғынынан сенімхат әкелді. Олар сотқа қатыса алмайтынын, жәбірленушілерге қатаң жаза сұрап, 150 миллион теңге моральдық шығын талап ететінін жеткізді.

«Сотқа тағы қанша жәбірленушінің өкілі келетіні белгісіз. Бас прокуратураға өтініш беріп, Өзбекстан прокуратурасынан қанша адамның келетінін нақтылауды сұрадық. Жұмыс жүріп жатыр»,- деді прокурор Осман Орынбасарұлы.

Еске салсақ, автобус өртіне қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», «Міндеттеріне адал қарамау», «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» баптарымен үш жүргізуші және механик, құрылтайшы айыпталып жатыр. Олар: Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевтар.

Соңғы жаңалықтар