Автобус өртенгенде салонда жолаушылар болмаған - Алматыэлектротранс

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - «Алматыэлектротранс» компаниясы өртенген атвобусқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тасымалдаушы компанияның хабарлауынша, автобус парктен шыққанда ақаусыз болған.

«Бүгін таңертең №137 маршрут автобусы парктен шыққанда, ешқандай техникалық ақау байқалмады. Жолда жолаушыларды салонға кіргізбей тұрғанда көліктің артқы дөңгелегі тұтана бастаған. Жүргізуші инструкцияға сәйкес 101 нөміріне хабарласып, өрт сөндірушілерді шақырған. Сосын өрт сөндірушілер келгенше жолаушыларды алысқа бағыттап, өрт сөндіру баллонының арқасында өртті өзі сөндірген. Көлік өртенгенде салонда жолаушылар болмаған», - деді тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметінен.

Әзірге өрттің шығу себептері белгісіз. Қазір соны анықтауға арнайы тексеру тағайындалды.

Айта кету керек, төтенше жағдай бүгін таңертең сағат 9.21-де болған еді. Шұғыла шағын ауданында Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында №137 бағдардағы автобустың артқы дөңгелегі жана бастаған. 

Соңғы жаңалықтар