Автобус қарияны қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 қарашада сағат 20:30-дар шамасында Мұңайтпасов көшесінде болған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптама тағайындалған», - деп мәлім етті елордалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қолышбекова. 

ІІД-нің хабарлауынша «қоғамдық көлік жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған жүргіншіні қағып кеткен».

Жол апатынан 1955 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар