Автобус қаққан қыз ауруханада көз жұмды - Қостанай

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында автобус қағып кеткен бойжеткен аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13.00 шамасында облыс орталығындағы Алтынсарин көшесінде болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Ксения Жылқыбаева айтқандай, автобус жаяу жүргіншілер жолағында қыз баланы қағып кетті.

«Ол әртүрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Денесіне түскен жаралар терең және сынықтар да күрделі болды. Дәрігерлер жәбірленушінің өмірін аман сақтап қала алмады", - деді ол.

Ал облыстық полиция департаменті бұл іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар