Автобизнес қауымдастығы экологтарға ауа сапасын талдауға арналған зертхана табыстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан автобизнес қауымдастығы мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморандумға қол қоюшылар Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды және төмен көміртекті даму қағидаттарына көшуді қолдай отырып, Қазақстан қалаларында қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыруға келісті.

«Өңірлердің орнықты дамуының экологиялық құрамдас бөлігі олардың аумақтық дамуының маңызды факторы саналады. Өз кезегінде қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету – елдің тұрақты даму шарттарының бірі. 2019 жылғы атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау қорытындысы бойынша ластану деңгейі жоғары қалаларға: Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен жатады. Атмосфераның ластануына көліктердің де әсері аз емес. Бұл орайда Қазақстандық автобизнес қауымдастығының қоғамдық ұйым бола отырып, қоршаған ортаға айтарлықтай көңіл бөлетіні қуантып отыр», - деп атап өтті Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.


Меморандумның бірінші кезектегі міндеттерін орындау мақсатында, оны Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау кәсіпорнына ұштастыра отырып, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығына ауаны өлшеу үшін екі мобильді экологиялық зертханаға сертификат берді.

«Біз -» Қазақстандық автобизнес қауымдастығы«, отандық автоөндірушілерді біріктіру ретінде, әрине, өз елінің азаматтары ретінде экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне мұқият қараймыз. Сондықтан біздің серіктестерімізді дамытудың басым бағыттарының бірі экологиялық таза автомобильдер, автобустар мен арнайы техника өндірісі және экологиялық отын түрлері. «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы« еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін көп күш жұмсауда. Біздің бірлескен күшіміз осы игі іске көмектеседі деп үміттенеміз», - дедіі Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

Отандық өндірістің жылжымалы экологиялық зертханалары қазіргі заманғы жабдықтармен жасақталатын және қалалық көлік жүйелеріне кешенді талдау жүргізуге және олардың атмосфералық ауаның сапасына әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жылжымалы станциялар сондай-ақ ауа сынамаларын алуға арналған портативті құрылғымен, ластаушы заттардың концентрациясын анықтауға арналған жабдықпен, жеке қорғаныс құралдарымен, навигация және байланыс құрылғыларымен, компьютерлермен және басқа да зертханалық жабдықтармен жабдықталады.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының баспасөз қызметі мәліметінше, екі жылжымалы станция Нұр-сұлтан мен Алматыда жүреді. Мобильді зертханалардың арқасында қазақстандық экологтар атмосфералық ауаның сапасын бақылауды жүзеге асырып, ластанудың деңгейі мен негізгі себептерін жедел анықтай алады.


Соңғы жаңалықтар