Австрияда құны €160 мың тұратын картинаны тапа-тал түсте ұрлап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия полицейлері француз суретшісі, импрессионист Пьер Огюст Ренуардың «Golfe, Mer, Falaises Vertes» (Шығанақ, теңіз, жасыл жартастар) картинасының ұрлануына күдікті үш адамға іздеу жариялады.

Құны 160 мың еуро тұратын полотно Венадағы Dorotheum аукцион үйінен ұрланған.

Алдын ала болжамға қарағанда, үш күдікті дүйсенбі, 26 қарашада жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 17:15-те аукцион өткізілетін үйге келген. Олар картинаны жақтауынан ешкімге байқатпай алып, әрқайсысы ғимараттың әр есігінен шығып, іздерін суытқан, деп хабарлайды австриялық ORF телеарнасы.

Күдіктілердің үшеуі де видеобақылауға түсіп қалған. Полицейлердің пайымынша, олар көркемөнер заттарын ұрлауға бейімделген ұрылар болуы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар