Австрияда екпе алмағандар кем дегенде 600 еуро айыппұл төлейді
2022 жылғы 21 қаңтар 09:05

Австрияда екпе алмағандар кем дегенде 600 еуро айыппұл төлейді

ВЕНА. ҚазАқпарат – Австрияның Ұлттық кеңесі көпшілік дауыспен елдің бүкіл тұрғындары үшін ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заңды қабылдады, деп хабарлайдыы ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл заңның күші 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталады. Осылайша, Австрия - ЕО-да коронавирусқа қарсы екпе міндетті саналатын бірінші ел болмақ.

Наурыз айынан бастап екпе салдырмаған ел азаматтары айыппұл төлейтін болады, оның ең төменгі көлемі – 600 еуро.

Ел билігі сондай-ақ екпе алғандар арасында сыйлықтар ұтысын ұсынуды жоспарлап отыр.

Лотереяның әрбір оныншы қатысушысы 500 еуро көлеміндегі ақшалай купон ұта алады.

«Біз аймақтарды тек вакциналау жөнінде ақпараттандыру үшін ғана емес, сондай-ақ екпе салдырғандар саны үшін ынталандырамыз. Аймақтар мен қалалар бұл қаражатты өз дамуына жұмсай алады», - деп мәлімдеді Австрия канцлері Карл Нехаммер.


Jańalyqtar

MURAǴAT