Австрияда Алексей Полторанин қамаудан босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриядағы әлем чемпионаты кезінде ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қамаудан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР шаңғы жарысының Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова хабарлағандай, Алексей Полторанин Австрия түрмесінен босатылған.

«Қазір спортшы Зеефельд қаласында. Алексей өзін қалыпты сезінуде. Оның Әлем чемпионатындағы жарыстарға қатысуы кейін анықталатын болады», - дейді Самал Наурызова.

Еске сала кетсек, кеше Австрияның Зеефельде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алексей Полторанин жарыс жолына шықпай қалды. Неміс журналисі Хайо Зеппельт Туиттердегі аккаунтында «шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия және Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деп күдікке ілінгенін» жазды. Аталмыш оқиғаға қатысты Астанада баспасөз мәслихатын өткізген спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев «Мен Алексейдің таза спортшы екеніне сенімдімін» деген болатын.

Соңғы жаңалықтар