Австрия вакцинадан бас тартқан адамдарға айыппұл салмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Австрияда ақпан айынан бастап вакцинациядан бас тартқан адамдарға айыппұл салу жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританияда билік COVID-19 «омикрон» жаңа штамының таралуына байланысты көліктерде, дүкендерде, банктер мен шаштараздарда міндетті түрде маска кию талабын қайта енгізді.

Австрияда ақпан айынан бастап вакцинадан бас тартқан адамдарға айыппұл салу жоспарлануда. Екпе алудан жалтарғаны үшін айыппұл көлемі €7,2 мыңға дейін, ал төлемнен бас тартқан жағдайда 4 айға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады.

Қытайдың 106 жастағы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинациядан сәтті өтіп, елде екпе алған ең қарт адам болды. Халықты иммунизациялау науқаны барысында Қытай дәрігерлері 60 жастан асқан адамдарға 500 миллионнан астам вакцинация жасады.


Соңғы жаңалықтар