Австрия машина жасау саласындағы мамандарды даярлауға көмектеспек

None
None
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Австрияның машина жасаушылары одағы қазақстандық мамандарды даярлауға көмектеспек. Бұл туралы бүгін Қазақстанның машина жасаушылары одағы басқармасының отырысында ұйымның атқарушы директоры Темірлан Әлтаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, осы уақытқа дейін Қарағандыда машина жасау саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін көтеру бойынша арнайы оқыту орталықтарын құру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде №60 колледждің негізінде Австрияның машина жасаушылары одағы арнайы консорциум құрып, сол жерде қазақстандық мамандарды оқытпақшы. «Қарағанды облысының әкімдігі бюджеттің есебінен бір мың шаршы метрден астам ауданға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның барлығын практикалық сабақтар үшін жасақтап шықты. Енді, біздің австриялық әріптестер өз жұмыстарын бастауы қажет. Осы іспетті орталықты Астана қаласында да ашу жоспарымызда бар», - дейді Т.Әлтаев.

Соңғы жаңалықтар