Австрия Астанада энергия өндіретін жаттықтыру-павильонын ашты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында Австрияның павильоны ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мемлекет бұл көрмеге ойын түрінде ұйымдастырылған «Австрия - дене күші, ақыл және жан» ұранымен қатыспақ. 870 шаршы метрді қамтитын павильон түрлі жаттығу құрылғылармен жабдықталған, олар энергия өндіріп, музыка ойнайды және салқын самал  шығарады.

Австрия жайлы видеороликті көру үшін павильон қонақтарының барлығына бірлесіп велосипед тебуге тура келеді. Арқан тартып, әткеншек теуіп, тетікті айналдырғанда ғана жарықтар жанып, декорациялар айналып, музыкалық аспаптардың іске қосылады. Сонымен қатар, шәйнектің қайнауы, шамдардың жануы, интернет желісінің іздеу жүйесінде бір тетікті басу, ұшақ немесе машинаны оталдыру  үшін электр шығарудың қаншалықты қиын екендігі айқын көрсетіледі.

Сәулетшілердің ойынша бұл құрылғы энергия жеткізуші орнына тек бұлшықет күші жұмсалатын адам әлеуетіне назар аудартады. Австрияда жоғары технологиялармен айналысатын және бұл салада сәтті қадамдар жасап келе жатқан компаниялардың көптігіне қарамастан, павильон құрастырушыларының пікірінше болашақта қандай энергия болатындығын тек адам ғана айқындай алады.   





Соңғы жаңалықтар