Австралиялық хайуанаттар бағынан сирек кездесетін тасбақа жоғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық Перт (Perth) қаласының хайуанаттар бағынан сирек кездесетін сәулелі тасбақа жоғалып кетті, деп хабарлайды BBC News. 10 жастағы рептилияның тордағы орнында жоқ болғандығын сейсенбі күні байқаған.

Хайуанаттар бағының қараушылары жануардың заңсыз нарықта сатылуы үшін ұрлануы мүмкін деп есептейді.

Қазіргі кезде хайуанаттар бағының бүкіл аумағында орнатылған бейнебақылау таспаларындағы жазбалар зерттеліп отыр.

Жабайы табиғатта сәулелі тасбақа Мадагаскардың оңтүстігінде кездеседі, ол көбіне аралдың оңтүстігіндегі орманды жерлерді мекендейді. Рептилиялар ормандардың жаппай кесілуі мен браконьерліктің салдарынан жоғалуға жақын.

Соңғы жаңалықтар