Австралияда орман өртке оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның оңтүстік-шығысындағы Жаңа Уэльс штатында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, жалынның 70-тен аса ошағы тіркелген. Мамандардың айтуынша, оның үшеуі үлкен қауіп төндіріп тұр. Осыған дейін өртті сөндіруге аттанған арнайы тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш опат болған еді. Ал тілсіз жауды ауыздықтауға 800 өрт сөндіруші мен 70-тен аса техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар