Австралияда екі метрлік жылан 6 жасар баланы жеп қоя жаздады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльсте қорқынышты оқиға орын алды. Төсегінде ұйықтап жатқан 6 жасар Тайлерге ірі жылан шабуыл жасаған.

Баланың қатты шошынған айқайынан оянған анасы ұлын алып жыланнан жұлып алды.

«Мен баламның қолына жармастым, әрең тартып алдым», - деп еске алады әйел сол қорқынышты түнді.

Кішкентай Тайлердің анасы өзінің інісін, ол досын және Тамараның ағасын оятты. Олардың бәрі алып жыланды ұстап алды. Жылан тістеген бала ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар