Австралияда 5 метрлік қолтырауынның ішінен адам денесінің қалдығы табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Австралияның Какаду саябағындағы 5 метрлік қолтырауынның асқазанынан адам денесінің қалдығы табылды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, ол жоғалып кеткен 62 жасар туристің денесі болуы мүмкін.

Қайғылы оқиға 7 маусымда орын алған. 5 метрлік алып рептилия қайықта серуендеп жүрген адамдарға шабуыл жасап, 62 жасар ер адамды сүйреп кеткен болатын. Жантүршігерлік оқиға ер адамның зайыбы, келіні мен баласының көз алдында болды. Жақындары оны соңғы рет қолтырауынның азуынан көрген болатын.

Амалы құрыған полиция қызметкерлері жануарды атуға мәжбүр болды.

Әзірге, аты аталмай отырған азаматтың денесі дәл сол екендігі анықталған жоқ.

Бұл Австралия қолтырауындарының адамдарға қарсы бірінші шабуылы емес. Осыған дейін көлде шомылып жүрген 12 жасар ер бала мен 7 жасар қыз бала алып қолтырауынның азығына айналған еді.

Соңғы жаңалықтар