Австралияда 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Австралияның оңтүстік бөлігіндегі Мельбурн қаласының маңында 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Австралияның Виктория штатының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Twitter-дегі аккаунтында зілзала ошағының Виктория штатының Мансфилд ауылдық қалашығына жақын жерде орналасқанын хабарлады.
Жер сілкінісі салдарынан кем дегенде бір ғимарат зардап шегіп, Мельбурннің орталық іскерлік ауданындағы электр желілері бүлінген. Зардап шеккен адамдар туралы мәлімет келіп түскен жоқ.
Жерасты дүмпулері сондай-ақ Оңтүстік Австралияның Аделаида қаласында (зілзала ошағынан 800 шақырым) және Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Сиднейде (зілзала ошағынан 900 шақырым жерде) сезілді.


Соңғы жаңалықтар