Австралия штаттарының бірінде жаңбыр өрттің үштен бірін сөндірген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралия халқы жаңбырдың жауғанын күтіп жүр. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында жаңбыр өрттің үштен бірін сөндірген. Бұл өрт сөндірушілерге көп көмек болды, деп жазады ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт сөндіру қызметінің айтуынша, ауа райының арқасында бір күнде белсенді өрт үштен бірге азайған.

«Біз бақыттан басымыз айналып, қатты қуандық. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының көп бөлігінде жаңбыр жауыр жатыр. Біз жаңбырдың ұзақ жаууын тілеп отырмыз» деп жазады шенеуніктер.

Олардың айтуынша, алдағы бірнеше күнде жаңбыр толассыз жаууы мүмкін.

Айта кету керек, Австралияда өрттен 20 адам қаза тауып, шілдеден бері миллиондаған акр жер өртеніп кетті. Сидней университеті экологтарының айтуынша, Австралияда өрттен 1 миллиардтан астам жануар өлген.


Соңғы жаңалықтар