Австралия коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне қарамастан карантинді жеңілдетіп жатыр

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында күніне 1200 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқанына қарамастан елде карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, көшеде спортпен шұғылдануға қойылған шектеу толықтай алынады. Соның ішінде, вирустың таралу ошағына айналған Сидней де бар.

Ведомство Twitter-аккаунтында спортпен айналысуға берілетін уақыт бір сағатпен шектелмейді. Алайда, кешкілік уақытта коменданттық сағат жалғаса береді.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тұрғындардың 70%-ы вакцинаның бірінші компонентін салдырған, осыған байланысты карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Штаттың премьер-министрі Глэдис Береджиклянның айтуынша, далада спортпен шұғылдану ауру жұқтыруға қатты ықпал етпейтіндіктен шектеуді алу туралы шешім қабылданған.

Соңғы 24 сағатта Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 1288 адам коронавирус жұқтырған. Штатта барлығы 29202 адам ауруға шалдығып, 163-і көз жұмған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Аустралияда барлығы 56 560 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 1019 адам қайтыс болды.

Аустралия үкіметі елде төтенше жағдайды 17 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осы шешімге байланысты, мемлекет әуежайларда маска тағуға және КВИ-ге тест тапсыруға міндеттеді. Сондай-ақ, круиздік лайнерлердің ел аумағына кіруіне тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар