Австралия әуе компаниясы вакциналанған жолаушыларға сыйақы бермек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралиялық «Qantas» әуе компаниясы вакцинацияланған жолаушыларға сыйақы беру мәселесін қарарстырып жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Тасымалдаушы екпенің екі компонентін алғандарға әдетте белгілі бір миль қашықтықты ұшып өткен жолаушыларға берілетін ұпай сыйлауды және жеңілдіктері бар билет беруді жоспарлап отыр. Осылайша, тасымалдаушы австралиялықтарды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға ынталандырмақ»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар