Австралия астанасындағы қатты түтіннен мекемелердің жұмысы тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Австралия астанасы Канберрада қалың түтіннен Австралия федералды үкіметінің төтенше жағдайлар департаментінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Канберрала ауа сапасының индексі 340-қа теңелді. Бұл Бейжіңдегі көрсеткіштен (140) де асып түсті.

«Австралияда соңғы онжылдықтағы ең үлкен өрттен 24 адам қаза тапты. Үйлер, жабайы табиғат қырылып жатыр. Аспан қызыл түске боялды», деп жазады басылым.

Қалада балаларға арналған мекемелер де жұмысын тоқтатты. Кейбір мемлекеттік органдар қызметкерлеріне қауіпсіз жерден арнайы орындар бөлген.

Канберраның ұлттық галереясы да жабылды. Олар бұл әрекет қоғамға, қызметкерлер мен өнер туындыларына қорғау мақсатында жасалғанын түсіндірді.

Австралияда дүйсенбі күні жаңбыр жауып, өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдетті. Дегенмен, бұл өрт сөндіруге айтарлықтай әсер ете алмады.



Соңғы жаңалықтар