Авиарейстердің кешігуі: Министр мәселені шешу жолдарын атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әуе рейстерінің кешігу, кейінге шегерілу мәселесін шешу жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенат қабырғасында көлік туралы заң жобасын талқыладық. Компанияларға қойылатын талаптарды тағы қатаңдатамыз. Соған қарамастан жағдайлар орын алып жатыр. Естеріңізде болса, жазда SCAT және Air Astana авиакомпаниялары рейстерінің кешігу жағдайы болды. Біз оларға апта сайын айыппұл салдық. Жағдай реттелген секілді. Жалпы мәселені шешудің екі жолы бар. Алдымен, әкімшілік жағы, яғни әуе компанияларының жауапкершілігін реттеу арқылы. Олар кез келген форс-мажорға дайын болуы тиіс. Екінші шешім, ұшақтар санын арттыру. Биыл 14 ұшақ сатып алынды, оның 9-ы SCAT-қа тиесілі», - деді Қайырбек Өскенбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылға дейін тағы 51 ұшақ сатып алынады.

Бұған дейін Қайырбек Өскенбаев Таиландқа ұша алмай қалған қазақстандықтардың жағдайына қатысты түсінік берген еді. Оның айтуынша, жолаушылардың мәселесін Азаматтық авиация комитеті қарап жатыр.


Соңғы жаңалықтар