Авиаотын тапшылығы: Елорда әуежайына 200 тоннадан астам жанармай жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық әуежай авиаотынның жетіспеушілігіне қатысты Энергетика мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп авиаотын жеткізу жұмыстарын пысықтауда. Қазіргі уақытта күрделі жағдайдың алды алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әуежай тұрақты жолаушылар және жүк рейстерін үздіксіз толтыру жұмыстарын атқаруда. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 9 қарашада Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қайта бастағанша зауыттардан авиаотын жеткізу кестесі әзірленді. Қазіргі уақытта әуежайда 3100 тонна авиакеросин қалды. Жақын күндері 3900 тонна (3 мың тонна – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, 700 тонна – «Петросан» ЖШС, 200 тонна – East fuel) жеткізу күтілуде», - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі.

Әуежайдың хабарлауынша, қазір 3800 тонна авиакеросин жеткізу үшін келісімшартқа қол қойылды және төленді.

Елорда уақытымен сағат 15: 00-де Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының сақтау базасында 921 тонна отын бар, бүгін 200 тоннадан астам әкелінген.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елорда әуежайы мен «СКАТ» әуе компаниясының авиаотын жетіспеушілігіне қатысты мәлімдемелеріне пікір білдірген болатын. Сонымен қатар Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары қосымша 2 мың тонна авиаотын өндіреді.
Соңғы жаңалықтар