Авиакомпания Қызылорда облысында болған әуе оқиғасын жасырып қалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті әуеде жұмыстарды орындау үшін «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға берілген куәліктің қолданысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Авиациялық апатты жасырғаны үшін мән-жай анықталып, тексеру өткізілгенге дейін Азаматтық авиация комитеті «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға 2017 жылдың 3 наурызы күні авиациялық жұмыстарды орындау үшін берілген № KAZ-02/039 куәлігінің қолданысын уақытша тоқтатты», - делінген мәліметте.

Онымен қоса, Ан-2 ұшағын басқарған командир А.Т.Абдуәлиев пен екінші пилот А.Д.Елеусізов ұшуларды орындаудан шеттетілді.

«Белгілі болғандай, 2019 жылдың 2 шілдесі күні «Дельта Оңтүстік» Авиакомпаниясы» ЖШС-ға тиесілі UP-А0199 тіркеу нөмірі бар Ан-2 ұшағы Қызылорда облысының Шаған ауылында авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған. Қону кезінде ұшақтың алдыңғы бөлігіне қарай аударылуына жол берген. Адамдар және ұшақ зардап шеккен жоқ», - деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар