Ауыз сумен қамту: Биыл қаржы ауылдарға екі есе көп бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ауылды жерлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл бюджеттен 45,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Аталған сомаға ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 153 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7 пайызға артып, 67,9 миллиард теңгені құрады. Осы сомаға 193 жоба іске асырылады. Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылса, ал ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 миллиард теңгенің 153 жобасы жүзеге асырылады», - деп хабарлады ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша  орталықтандырылған сумен жабдықтау жоспарланған көрсеткіштен асып кеткен.

«Ал 2018 жылы жүргізілетін жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейін ауылды елдімекендерде 59 пайызға, ал қалаларда 94 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр», - дейді Мархабат Жайымбетов.

Соңғы жаңалықтар