Ауыт Мұқибек: «Келсін!» деген бір ауыз сөзің үшін!

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаттыққа бет алған кезеңнен бастап Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлы Дала елінің іргетасын нығайтуға бағытталған айтулы шешімдер қабылдана бастады. Солардың ең бастыларының бірі - шетте тарыдай шашырап жүрген қандастарымызды атажұртқа шақырып, қоныстандыруға арналған көші-қон туралы жарлығы. Бүгін, 18 қараша - қазақ тағдырының басындағы қасаң жылдары өз Атамекенінен ажыраған, Отанынан шеттеген алыстағы ағайынды елге шақырып, Елбасының «Қазақ көшіне» жол ашқан күні.

Осы айтулы күнге орай ақын,«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі  Ауыт МұқибекұлыныңҚР Президентіне арнаған өлеңін ұсынамыз.

 

Сені қалай сүймейін, жан Нұрекем,

Құрдың, міне, шат өмір, сәнді мекен!

Ел болғаның, қазағым, осы емес пе,

Рухы биік, іргесі мәңгі бекем?!

 

Бағындырдың шыңдарды өр кеудеңмен,

Шыққандықтың белгісі ол көргенді елден!

Азаттықтың Көк Туын қолға алғалы,

Қандасыңа келесің «Кел, кел!» деумен!

 

Сен болмасаң, келем бе бұл маңға, Аға,

Салдың әкеп Арқаға тыңнан қала.

Келсін дедің қазағым шетте жүрген,

Алмағайып сонау бір жылдарда да!

 

Суын ішкен, Тұлпарым, тұнық көлдің,

Куәсіміз сен шешкен ірі істердің.

Аңсап келген қазаққа барыңды сен,

Ерінінен еліңнің жырып бердің!

 

Аямадың, қолыңда барды бердің,

Қамын ойлап жүгірдің әр күні елдің.

Арман сені көрген жоқ адастырып,

Сол арманға сен ерген мәңгіге ердім.

Жараспайды шет жерде жүргені ердің,

Осы елменен не көрсем, бірге көрдім!

Заман бізді айырған үйірінен,

Демейді ешкім сен неге ірге бөлдің!

 

Саған бүгін шың бар ма бағынбаған,

Отыра бер тапжылмай Тағыңда аман!

Келдік біздер ағылып Атажұртқа,

Жүру үшін сенің жел жағыңда, Ағам!

 

Алам десең шалқайып, тынысыңбыз,

Орам десең, ақ бидай - ырысыңбыз,

Атам десең, оғыңбыз ойып түсер,

Шабам десең, алдаспан қылышыңбыз!

 

Табады әркім, әрине, өз ырысын,

Болса, бойда құрыштай төзімі шын!

Шетімізден жанымыз құрбан саған,

«Келсін!» деген бір ауыз сөзің үшін!!!

 

Соңғы жаңалықтар