Ауыр жүк көліктерінің осіне түсетін салмақты өлшеу жүйесі автоматтандырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаевтың бұл жүйе іске асқан жағдайда ауыр жүк көліктерінің осіне түсетін салмақты инспекторлар тексере алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде жемқорлыққа қатысты негізгі тәуекелдер жоғары габаритті өлшемдерді (салмақ өлшемдері) бақылау барысында туындайды. Сол себептен жүк көліктерінің салмағын өлшеу процедурасының саласын біз автоматтандырғалы отырмыз. Яғни, оларды өлшей алатын автоматты жүйелер орнатылады. Демек, бұл ретте инспектор тексеру ісіне араласа алмайды», - деді ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Данияр Қоспабаевтың айтуынша, биыл Көлік комитетіне халықаралық, қалааралық және республикаішілік бағдарлардағы жолаушылардың багажын бақылау құзыреті берілген. Бұрын ол құзыретке жол полициясы ие болған.

«Бізге сондай-ақ, жүргізушілердің еңбегі мен демалысын бақылау құзыреті де берілді. Ал көліктегі қауіпсіздік мәселесімен көшпелі бекеттер айналысады. Яғни, жемқорлық жағдайы кездесу ықтималдығы жоғары салалардың бәрін автоматтандырып жатырмыз. Бұл ретте елорданың шетіндегі пилотты жоба «Талапкер» ауылында басталады. Көктемде басталатын пилоттық жобамызға барлықтарыңызды шақырамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар