Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері 2 мыңнан астам жол ережесін бұзған - Павлодар облысы

2019 жылғы 11 қаңтар 22:30 661
Бөлісіңіз:
Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері 2 мыңнан астам жол ережесін бұзған - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары жүк тасымалдаушылардың бастамашы тобымен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жыл соңына дейін 3 жолайрығы салынады СҚО-да республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 1,7 млрд теңге бөлінді

Кездесу барысында екі жақ облыс аумағында жүк тасымалдаудың заңды тұстарын және ұсақ жүктер мен артық салмақты тасымалдау сұрақтарын талқылады. Павлодар облысында қала сыртындағы тас жолдарда артық салмақты тасымалдаумен күресетіні жөнінде бұрындары да айтылған. Алайда, көмір, ұсақ тас, түйіршік заттар және өзге де жүктерді тасымалдаушылардың арасында осы бағыттағы заңдық базаны білмейтіндер бар болып шықты. Сондықтан кәсіпкерлер, кіші және ірі жүк тасымалдау компанияларының бастамашыл топтарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, көлік прокуроры, көлік инспекциясы және жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен кездесуге шақырды.

«Павлодар облысындағы жолдардың 80 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдаБұл республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі. Сол себепті, біз жөндеген жолдарымызды бұзуға жол бермейміз. Бұлай болмауы тиіс»,- деді Ұлан Жазылбек.  

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының мәлімдеуінше, 2018 жылы ауыр жүк көлігінің қатысуымен 2 мыңнан астам ереже бұзу анықталған. 700 жағдайда салмақ көрсеткіштері артық болып шыққан. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі өздігінен көлік немесе тіркеме шанағының ернеуін биіктету, қосымша техникалық бак орнату және басқа да ереже бұзушылықты тіркеген. Сондықтан кездесу барысында көлік инспекциясы мен ЖПҚ өкілдері жүк тасымалдау бойынша заңнаманың ережелерін түсіндірді.  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT