Ауыр жарақаттанған Еркебұлан Сейдахметке Мюнхенде сәтті ота жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметке Мюнхендегі (Германия) Schön клиникасында сәтті ота жасалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы 18 жастағы футболшы Instagram-да жазып, ауруханадағы суретін жариялады. «Бәрі жақсы! Қазір ғана ояндым», - деп жазды Еркош.null 

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Сейдахметтің жаттығу кезінде қатты жарақат алып, үш ай бойы жаттыға алмайтынын хабарлаған еді.

Биыл Еркебұлан Ұлттар лигасының төрт матчына қатысып, бір рет гол салды және бір рет сәтті доп берді. Ол клубтық деңгейде ресейлік «Уфада» екі рет ойнады. 

Соңғы жаңалықтар