+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауыр сөмке оқушының денсаулығына қаншалықты зиян

2019 жылғы 18 қазан 16:48
Бөлісіңіз:
Ауыр сөмке оқушының денсаулығына қаншалықты зиян

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары астана мектептерінде оқушылар сөмкесінің салмағын өлшеп жүр.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады Алматыда індеттен ешбір медицина қызметкері қайтыс болған жоқ – Надыров

Ведомствоның өзі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың сөзіне қарағанда, ауыр сөмке оқушылардың белін ауыртып, бүкір қылудан бөлек, кифоз, лордоз сияқты ауруларға шалдықтыруы, тіпті балалардың тірек-қимыл аппаратына зардабын тигізуі мүмкін.

С. Байғабылов ағзасы, қаңқа-бұлшық ет жүйесі енді ғана қалыптасып келе жатқан жеті жасар балалардың денсаулығына алаңдаулы.

Оның айтуынша, оқулық толы сөмкенің салмағы төрт, кейде бес килограмға дейін жетеді. Сондықтан оқушы сөмкесіне қойылатын талаптарды қайта қарап, мектептердің тексеру парағына қосымша тармақ енгізу қажет.

Департамент басшысы қазірдің өзінде гигиеналық талаптардың бұзылуына айыппұл салынатынын ескертті. Айта кетейік, мұндай айыппұлдың мөлшері 500 мың теңгеден асып түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT