Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен бокс кешінде чемпиондық атақ үшін кездесу өтіп, онда қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) түрік Хамза Гюнешке (6-0, 4 КО) қарсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыр салмақтағы алғашқы кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Боксшылар крузервейттегі UBO Inter-Continental чемпионы белдігі үшін бақ сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Гюнеш бірінші раундта екі рет нокдаун алды.

Осылайша, Еділ Қожамбердиев өзінің бокстағы карьерасында 11-ші рет жеңіске жетіп (11 кездесуді де нокаутпен жеңді), екінші дәрежедегі чемпиондық белдікті жеңіп алды. Ал Хамза Гюнеш кәсіби бокста алғаш рет жеңілді.


Соңғы жаңалықтар