Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы АҚШ-та титул үшін айқаста жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Панда» деген лақап аты бар қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (9-0, 9 КО) Майамиде бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеште қазақстандық жігіт ауыр салмақтағы америкалық боксшы Ламонт Кейперспен (10-14-5, 2 КО) айқасты. Ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді, төрешілердің шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.

Осылайша, Серік Мұсаділов кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізді, бірақ алғаш рет айқасты уақытынан ерте бітіре алды.

Айта кетейік, бұл жеңіс қазақстандыққа крузервейттегі NABA чемпионының бос титулын әперді.


Соңғы жаңалықтар