Ауыр пышақ жарақатын алған қостанайлық ауруханаға өзі келген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласының 34 жастағы тұрғыны танысын пышақтап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады. Оқиға Лисаков қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

«Жәбірленуші 34 жастағы танысымен алкогольді ішімдік ішкен. Арадағы жанжалдан соң күдікті жәбірленушінің кеуде тұсына пышақ салған. Ауыр дене жарақатын алған ол ауруханаға өзі келген. Дәрігерлер бірден медициналық көмек көрсетті», - делінген ІІД-нің баспасөз хабарламасында.

Полицейлер күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факті бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар